Спорт • 02 Қараша, 2022

Әлем чемпионы атанған пара спортшылар елге оралды

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елордалықтар Бергамо қаласынан жеңiспен оралған пара каратэшілерді халықаралық әуежайдан қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлем чемпионы атанған пара спортшылар елге оралды

Жанкүйерлер қос алтын иеленген астаналық пара спортшыларды құшақ жая қарсы алып, ерекше құрмет көрсетті.

«Ең алдымен қолдау білдірген жақындарыма, достарыма, жанкүйерлеріме алғыс білдіремін. Бұл үлкен жеңістерге жол ашатын жетістік деп білемін. Арман-мақсатымыз қашанда осындай ірі халықаралық жарыстардың ареналарында көк байрағымызды желбіретіп, биіктен көріну», деді әлем чемпионатының жеңімпазы Дидар Мұхамеджанов.

Дүниежүзілік дода Италияның Бергамо қаласында өткен еді. Жарысқа әлемнің 16 елінің спортшылары қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша, каратэнің ката түрінен көру қабілеті зақымданған спортшылар санатында жерлесіміз Ләззат Жүсіпова қарсыластарынан озық болды. Ал тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар санатында отандасымыз Дидар Мұхамеджанов әлем чемпионы атағын иеленді.

Енді ұлттық құрама спортшылары желтоқсан айында өтетін Ташкент қаласындағы Азия чемпионатында бақ сынайды.

м