Аймақтар • 02 Қараша, 2022

Алматы облысында күдікті браконьерлер ұсталды

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында күдікті деп танылған браконьерлерден қару-жарақ пен жануарлардың денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.

Алматы облысында күдікті браконьерлер ұсталды

«Балқаш ауданы аумағында тәртіп сақшылары заңсыз ауланған балық, жабайы үйректің, қоян мен тай ауланған үш автокөлікті ұстады. Тоқтатылған «Мерседес», «Ниссан» және «Мазда» көліктерінің салонынан түрлі балық түрлері салынған қап, жабайы үйректің, қоянның және тайдың денесі табылды. Ұсталғандар аң аулауға рұқсат бере алатын құжатнамасын көрсете алмаған. Сондай-ақ патрондары бар үш аңшы мылтығы тәркіленді», делінген хабарламада.

Оқиға Бақанас-Қарой тас жолында болған. Аталған факті бойынша Балқаш аудандық Полиция Басқармасына тіркеліп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл ретте мемлекетке келтірілген шығын үшін айыппұлдар салынады.