27 Мамыр, 2014

Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтеді

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

000-evrazia-2

АСТАНА. 27 мамыр. Енді екі күннен кейін, 29 мамырда Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. «29 мамырда Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин және Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко қатысады. Отырыста Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылады деп жоспарланып отыр», - делінген хабарламада. Сәкен Майлыбай. Дереккөз: Primeminister.kz. Фото: e-history.kz.