Аймақтар • 02 Қараша, 2022

Ақтөбеде фаст-фуд дайындайтын ғимараттан қару-жарақ табылды

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында ауыл тұрғынынан қару арсеналы табылды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.

Ақтөбеде фаст-фуд дайындайтын ғимараттан қару-жарақ табылды

«31 қазанда полиция қызметкерлері жедел ақпаратты тексеру барысында Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласындағы фаст-фуд дайындау ғимаратының қазандық бөлмесінде диванның астынан 16 калибрлі бір ұңғылы кесінді, 12 калибрлі екі ұңғылы кесінді, 22 патрон және екі травматикалық тапаншасы бар қара шүберек сөмке табылды», деп жазды хабарламада.

Тәркіленген қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

25 жастағы мекеме иесіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі (қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.