Қалалық полиция департаменті бұл фактіні Медеу ауданының полиция бөлімі тергеп жатқанын хабарлады.
«Ол ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қазіргі уақытта төбелеске қатысқан бес адам ұсталды. Олардың әрқайсысының іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Болған жағдайдың себептері анықталуда», делінген полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.