Қазақстан • 02 Қараша, 2022

Адам саудасына байланысты 79 қылмыстық іс тіркелген

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 2022 жылдың басынан бері адам саудасына қатысты 79 қылмыстық іс тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Адам саудасына байланысты 79 қылмыстық іс тіркелген

2019 жылы адам саудасына қатысты 182 қылмыстық іс, 2020 жылы - 111, 2021 жылы - 103, 2022 жылдың 9 айында - 79 қылмыстық іс тіркелген.

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда адам саудасымен айналысатын 6 ұйымдасқан қылмыстық топ анықталған, олардан 35 адам зардап шеккен.

«Биыл тамыз айында Шымкентте алдау және күш қолдану арқылы қыздарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды сатумен, жыныстық құлдық, жезөкшелер үйлерін ұстаумен және жалаңаштықпен айналысқан 11 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетінің жолы кесілді», деп хабарлаған Ішкі істер министрлігі.

Аталған санаттағы қылмыстардың алдын алу мақсатында министрлік «Адам саудасына қарсы күрес туралы» заң жобасын әзірлеуде. Ол жәбірленушілерді, соның ішінде кәмелетке толмағандарды қорғауға бағытталған.