27 Мамыр, 2014

Еуразиялық одақ – заман талабынан туған қажеттілік

246 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

000-evrazia-3

АСТАНА. 27 мамыр. Қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық одағын құру жаңа технологиялар мен инновация заманының талабынан туындап отырған қажеттілік болып отыр. Бұл туралы ТМД Экономикалық даму іскерлер орталығының бас директоры Владимир Савченко BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында әңгімеледі. «Еуразиялық экономикалық одақ – бүгінгі күні ең алдымен өндіріс пен технология үшін басты қажеттілік. Яғни – халықты жұмыспен қамту үшін, тауар мен қызметтерді тарату үшін, кедергілерді еңсеру үшін, халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін аса маңызды», - деді Савченко. Сарапшының ойынша, Қазақстанның мүддесін ойлаған Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаев та мұны жақсы біледі. «Бұл жайында ол бұдан 20 жыл бұрын айтқан болатын. Ол технологиялық өзгерістерге ұшырған Еуропаның және адами капиталды алға қоятын Азияның даму параметрлерін жақсы аңғарды. Н.Назарбаев ақылға салып, мұның бәрін бір арнаға тоғыстырып отыр. Бүгінде, әрине, Қазақстанның өз проблемалары бар, соған қарамастан технологиялық тұрғыда өте қарқынды дамуда. Жалпы ішкі өнім жеті есеге артқан. Және бүгінде әлемдік нарыққа жол тартқан бірқатар өндірістері мен тауарлары бар. Ауыл шаруашылығы дамып, тек өндіріс қана өспей, газ бен мұнайға сервистік қызмет көрсету деңгейі де артып отыр. Азияның оның тауарларымен, оның қуаты және адами капиталымен, Еуропамен бірлесуі жан-жақты дамып, алға ұмтылуға қолайлы жағдай жасайды», - деді ол бұдан әрі. Қазір қолданыстағы әлемдік халықаралық сауда және экономикалық ұйымдармен салыстырғанда, үш ел құрып отырған ЕАЭО-ның шоқтығы биік, деп есептейді В.Савченко. Еске сала кетейік, үстіміздегі жылғы 29 мамырда Астанада Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылады деп күтілуде. Ұйым өзінің жұмысын ресми түрде 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастайды. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: Primeminister.kz. Фото: eurobelarus.info.