27 Мамыр, 2014

Өңірлік ықпалдастық – әлемдік экономикадағы маңызды тренд

543 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

000-evrazia-8

АСТАНА. 27 мамыр. Қазіргі таңда өңірлік ықпалдастық әлемдік экономикадағы маңызды трендтердің біріне айналды.  Бұл туралы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ президенті Мақсат Мұқанов BNews.kz тілшісіне мәлімдеді. «Бүгінде өңірлік ықпалдастық – әлемдік экономикадағы маңызды трендтердің бірі. Ол 2008-2009 жылдары жаһандық экономикалық дағдарысқа жауап болды. Бүгінгі күні өңірлік бірлестікте мұндай 200 мыңға жуық ұйым бар. Ең кең таралған формалар – бұл еркін сауда аймақтары, Кеден одағы аймағы. Бұлардың арасында мейлінше дамығаны - Еуропалық одақ. Сондықтан Қазақстанның өңірлік ықпалдастыққа ұмтылуы әлемдік тренд болып табылады. Бұл Қазақстан үшін аса маңызды, себебі біздің аумағымыз үлкен емес, теңізге тікелей шығар жолдарымыз жоқ және экономикалық өсімнің негізгі әлемдік орталықтарынан алшақ», - деді М.Мұқанов. Оның пайымынша, өңірлік ықпалдастық бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, нарықты кеңейтуге жол ашыпк береді. «Қазақстан нарығы тым үлкен емес, ол 17 млн. адамды құрайды. Сондай-ақ Қазақстан халықаралық нарықтарға шығу үшін көршілес мемлекеттерге транзитті болып табылатын аймақтарға ие. Сондықтан өңірлік ықпалдастық – бұл үлкен тренд. Бүгінде Қазақстан ең ірі интеграциялық бірлестіктердің қатысушысы болып табылады. Қазіргі күні Бірыңғай экономикалық кеңістік анағұрлым дайындығы бар болып саналады. Оның қалыптастырылуы Елбасының 20 жыл бұрын Мәскеу мемлекеттік университетінде жария еткен Еуразиялық идеясынан бастау алады. Ол қазір іске асырылу үстінде. Бұл бірлестікті қалыптастырудың сан алуан пішіні болды: ЕурАзЭҚ та, ТМД да. Және 3 мемлекет анағұрлым дайын болып шықты: Ресей, Беларусь және Қазақстан. Бүгін бұл үрдіс өзінің тәжірибелік қырына ие болды», - дегенді сарапшы. «Соңғы екі жылда көптеген келісімдерге қол қойылды. Бұл ең алдымен, капиталдар, тауарлар, қызметтер мен еңбек ресурстарының еркін жылжуына негіз салған БЭК аясындағы 19 келісім. Мұнда Қазақстан үшін белгілі бір артықшылықтар бар. Нарықтың кеңеюі, бүгінгі күні Қазақстанда 17 млн. адам бар. Егер экономикалық тұрғыдан айтар болсақ, бұл 1,7 трлн. доллар. Сондықтан бұл инвесторлар үшін қызықты болады. Екінші жағынан, ықпалдастық бірлескен кооперациялар: көліктік, азық-түліктік, энергетикалық кооперациялар үшін мүмкіндіктер ашады. Барлығы үш елге, бұл экономикалық процестердің қалай өтетіндігіне байланысты болады. Бұл Еуразия құрылығында өсім нүктесінің жаңа аймағын қалыптастыру. Көптеген өңірлер анағұрлым мықты экономикалық бірлікті құру үшін бірігуге ұмтылып отырғанын көріп отырмыз. БЭК – бұл бүтін өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған осындай жобалардың бірі», - деп түйіндеді Мақсат Мұқанов. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: BNews.kz. Фото: vlasti.net.
Соңғы жаңалықтар