Аймақтар • 03 Қараша, 2022

Шахтадағы апат: тағы бір жұмысшының мәйіті табылды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ленин атындағы шахтада болған апаттан көз жұмған бесінші жұмысшының мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шахтадағы апат: тағы бір жұмысшының мәйіті табылды

Аталған ақпаратты ҚР ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады. Оның айтуынша, бесінші қызметкердің денесі сағат 9:09-да табылды.

Бұған дейін «Арселор Миттал Теміртау» АҚ көмір департаментіне қарасты Ленин атындағы шахтада апат болып, 4 кенші қайтыс болғаны жөнінде хабарланған еді.

Алдын ала ақпарат бойынша 106 қызметкер эвакуацияланды. Қайғылы оқиғаға байланысты Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин апат орнына барып, арнайы комиссия жұмысын бастайды. Тергеу нәтижелері бойынша оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталатын болады.