Аймақтар • 03 Қараша, 2022

Оралда педофил 20 жылға сотталды

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда педофилге 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда педофил 20 жылға сотталды

«БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі «Кәмелетке толмағанға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасау» бойынша 37 жастағы ер адамды 20 жылға бас бостандығынан айырды», деп хабарлады жергілікті басылым.

Судья Бақыт Ермахановтың айтуынша, сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің, оның заңды өкілінің, куәгерлер мен беттестіру хаттамаларының айғақтарымен дәлелденген.

Бұл ретте сотталушының адвокаттары сот үкімімен келіспеген. Сот жабық форматта өтіп, сотталушы 2008 жылы туған өгей қызын зорлағаны анықталды.

Сондай-ақ сот жәбірленушіге моральдық өтемақы ретінде айыпталушыдан 7 миллион теңге өндіруді міндеттеді.