Елорда • 03 Қараша, 2022

Елордада кезекті вакансия жәрмеңкесі өтеді

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада жастарға арналған бос жұмыс орындарының кезекті жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Елордада кезекті вакансия жәрмеңкесі өтеді

3 қараша күні сағат 15:00-де Еуразия ұлттық университетінде Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ елордалық ЖОО түлектері мен жұмыссыз жастар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізеді.

Аталған жәрмеңкенің негізгі мақсаты - жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмыссыз азаматтарды, білім беру ұйымдарының түлектері мен жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

Биыл Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ бос жұмыс орындар жәрмеңкесін үш мәрте өткізді. Оған елорданың 126-дан астам жұмыс берушісі, 1200-ден астам жастар мен студенттер қатысты. 150-ге жуық адам жұмысқа орналастырылды.

Өтетін орны: Астана қаласы, Қаныш Сәтбаев, 2 (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, бас корпус, атриум).