Футбол • 03 Қараша, 2022

Футболдан әлем чемпионатын қайдан көруге болады

732 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 2022 жылдың 20 қарашасы мен 18 желтоқсаны аралығында Катарда өтетін футболдан әлем чемпионатының матчтарын көрсету құқығына ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Футболдан әлем чемпионатын қайдан көруге болады

Қазақстандық футбол сүйер қауым чемпионат матчтарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарында тікелей эфирде көре алады. Сонымен қатар qazaqstan.tv және qazsporttv.kz сайттарында тікелей онлайн трансляция болады.

XXII әлем біріншілігі Катардың 5 қаласында 8 стадионда өтеді.

Бұл ретте «Қазақстан» телерадиокорпорациясының түсірілім тобы Катар стадиондарынан тікелей қосылуды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Әлем чемпионаты кезінде «Қазақстан» корпорациясының әлеуметтік желілерінде жанкүйерлер арасында футбол атрибуттары ойнатылады.

Қазақстан аумағында футболдан ХХІІ әлем біріншілігінің ойындарын көрсетуге тек қана «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы құқылы екенін атап өту керек. Осыған байланысты Қазақстанда матчтарды басқа БАҚ және платформалар арқылы таратуға қатаң тыйым салынады.