Қазақстан • 03 Қараша, 2022

Астанада банкоматтан 1 миллионға жуық ақша ұрлаған әйел ұсталды

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада полицейлер ақша ұрлады деген күдікпен 36 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ ресми парақшасына сілтеме жасап. 

Астанада банкоматтан 1 миллионға жуық ақша ұрлаған әйел ұсталды

Мұндай қылмысқа қарызының кесірінен барғаны анықталған. 

«Тергеу барысында әйелдің қаладағы банкоматтардың біріне келгені анықталды. Оның алдында терминалға қомақты ақша салған ер адам тұрған. Алайда операцияны орындау кезінде ақша есепке алынбай, терминал ұяшығында қалып қойған. Басқа қолма-қол ақшаны алуға асыққан ер адам көлігіне кеткенде күдікті әйел қабылданбаған 940 мың теңгені өзімен алып кеткен», деп хабарлады ІІМ ресми сайты.

Қылмыстық факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған әйел өз кінәсін мойындаған. Ақшаның бір бөлігін пайдаланып, несиесін жапқан.