Спортшыларды Астана қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері мен жанкүйерлері құшақ жая қарсы алды.
Айта кетсек, 28-29 қазан аралығында Малайзияның Куала-Лумпур қаласында эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионаты өтті. Чемпионатта Қазақстанның Әнұраны 5 рет шырқалды. 6 санатты медаль жиынтығында еліміздің 2 командасы жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Олардың ішінде келесі спортшылардың еңбегін атап өту қажет:
- 14-16 жас аралығындағы жасөспірімдер санатындағы Азия чемпиондары – Самұрық командасы, Астана (Медина Әбдібаева, Іңкәр Байронова, Ақбота Тоқанова, Валерия Лукьянова, Микаэлла Ошаганова, Айзара Әбілдинова, Адина Исабекова, Аружан Шамшина, Дарина Ақшолақова, Әмина Тастанбек, Анар Мұхамедқалиева), жаттықтырушы-хореограф – Әсел Тастанбекова.
- 10-12 жас аралығындағы балалар санатындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегерлері – «Алан-Рио» командасы, Астана қаласы (Ясмина Тастанбек, Даяна Дүйсебаева, Медина Исағали, Кәмила Заманбекова, Дарья Остравенко, Жасмин Әлімбаева, Томирис Сағадат, Аяулым Ахметқали, Аруна Мекебаева, Адия Рахимова, Латифа Пшенова, Әсия Елдар), жаттықтырушы-хореограф – Әсел Тастанбекова.
- 12-14 жас аралығындағы балалар санатындағы Азия чемпионатының қола жүлдегерлері Алан-Томирис, Астана қаласы (Аружан Қайыржанова, Алуа Исаева, Ділназ Садықова, Інжу Ермұратова, Жаныс Сағидулла, Мәдина Абдрахманова, Айшаханым Ақан, Саида Бижанова, Дана Темірболат), жаттықтырушылар – Зарина Давлетьярова және хореограф Аяулым Алтайбекқызы.
Сонымен қатар «Алан-Рио» командасы Малайзиядағы MAGGA CUP халықаралық турнирінде қола жүлдеге ие болған.
«Малайзиядағы Азия чемпионатында бәсекелестік өте жоғары болды. Оңтүстік Корея, Үндістан, Жапония, Малайзия командаларымен бақ сынастық. 10-12 жас аралығындағы балалар санатында 2-орынға ие болдық. Жаттықтырушыларыма алғысымды білдіремін», деп атап өтті «Алан-Рио» командасының мүшесі Томирис Сағадат.