Қазақстан • 03 Қараша, 2022

Мәскеуде ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының кездесуі өтті

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеу қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының 10-шы кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мәскеуде ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының кездесуі өтті

Кездесуге Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.

Форумда ТМД кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықтың заманауи сын-қатерлері жағдайындағы өзара іс-әрекет мәселелері зерделенді.

Ғизат Нұрдәулетов әріптестерін Қазақстанның өңірлік қауіпсіздіктің негізгі бағыттары бойынша ұстанымы жайында хабардар етті. Дәлірек айтқанда, ол ашық және сындарлы саяси-дипломатиялық диалог кез келген дағдарыстан шығудың тиімді әрі  оңтайлы жалғыз жолы екенін жеткізді.

Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы өз баяндамасында ТМД-ның оңтүстік шекараларындағы  қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ауғанстандағы жағдайды тезірек реттеу қажеттігіне назар аударды.

1667481288_ 2.jpg

Іс-шара аясында Ғизат Нұрдәулетов  Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Николай Патрушевпен екіжақты кездесу өткізді. Кездесу нәтижесінде екі елдің Қауіпсіздік кеңесінің аппараттары арасындағы 2023-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.