Қоғам • 04 Қараша, 2022

Елден заңсыз бензин шығармақ болғандар ұсталды

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚМА Павлодар облысы бойынша департамент қызметкерлері АИ-95 маркалы бензині бар 3 вагон цистернаны «жанармай қоспасы» деген желеумен жалпы құны 54 млн теңге 165 тонна көлемінде елден заңсыз әкету фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елден заңсыз бензин шығармақ болғандар ұсталды

Сондай-ақ 89 млн теңге тұратын көлемі 280 тонна АИ-95 маркалы бензині бар 5 вагон цистерна Өзбекстанға жөнелтілгелі тұрған тұсынан ұсталды.

«Жалпы аталған компания Өзбекстан мен Тәжікстанға 90 миллион АҚШ доллары көлемінде 100 мың тоннадан астам жанар-жағармай экспорттауды көздеген. Серіктестік директоры өз кінәсін толық мойындады. Тәркіленген бензин құйылған цистерналар мемлекет кірісіне айналдырылды. Бұрын сатылған бензиннің құны - 54 млн теңге мемлекет кірісіне өндірілді», делінген ведомство ақпаратында.

Сот үкімімен ЖШС директоры кінәлі деп танылып, 3 (үш) жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:30

Есеп. Естелік. Ереже

Ғылым • Бүгін, 08:20

Ғалымын қолдаған ел озады

Ғылым • Бүгін, 08:15

Тектінің тұяғы

Руханият • Бүгін, 08:10

Бакуден басталған үн

Тарих • Бүгін, 08:07

Математиктің рухани беделі

Қоғам • Бүгін, 08:03

Театрдағы тапқырлық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Жансебіл жазушы

Руханият • Бүгін, 07:55

Картинадағы тағдыр

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Ең қымбат жарнама

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45