Қазақстан • 04 Қараша, 2022

Елордада екі ер адам 11 кг есірткімен ұсталды

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 11 кг есірткімен ұсталған азаматтарға 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Елордада екі ер адам 11 кг есірткімен ұсталды

«Тергеу органы А. мен Ю.-ға алдын ала сөз байласу бойынша бір топ адам жасаған ірі көлемдегі – 11,4 кг есірткіні, өткізу мақсатында заңсыз сатып алды, сақтады деген айып тағылды. Сот барлық мән-жайды ескере оларды 11 жылға бас бостандығынан айырды», делінген хабарламада.

Сот азаматтардың ірі көлемде есірткі сатқанын және үй жануарлары дүкенінде есірткі сақтайтын қоймасы барын да анықтаған.

Қалалық сот айыптаушылардың кәмелетке толмаған балалары барын, олар өкініп, кінәларын мойындауын ескерген.

Үкім өзгеріссіз қалып, заңды күшіне енді.