Аймақтар • 04 Қараша, 2022

Түркістанда арқарды өлтірген браконьер ұсталды

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген жануарды өлтірген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ ресми сайтына сілтеме жасап.

Түркістанда арқарды өлтірген браконьер ұсталды

«Экологиялық қылмыстардың алдын алу жөніндегі «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті тұрғыннан арқар етін тапты», делінген хабарламада.

Анықталғандай, мал бағып жүрген жас жігіт өзінің иттерімен бірге арқарды ұстап алған. Бұдан кейін аталған жануарды сойып алып, қайтып келе жатқанында полицейге ұсталған.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.