Хоккей • 04 Қараша, 2022

«Барыс» «Адмирал» клубынан жеңілді

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасының өз алаңындағы екінші кездесуінде «Барыс» «Адмиралдан» 1:4 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Барыс» «Адмирал» клубынан жеңілді

сурет: olympic.kz

Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлағандай, Дмитрий Гурков пен Аркадий Шестаковтың орнына Михаил Рахманов пен Батырлан Мұратовтың келгенін атап өтті. Егор Шалапов қорғаныс шебінде Юрий Сергиенконың орнына шықты.

Ойынның бірінші кезеңінде командалар бір-бірінің қақпасына шабуыл жасады. Дегенмен мүмкіндіктерді пайдалана алған жоқ. Екінші кезеңнің 25-минутында «Барыс» есеп ашқан еді.

Бірақ ойын нәтижесінде «Адмирал» басым түсіп, ойын 1:4 есебімен аяқталды.

Еске салайық, 8 қарашада «Барыс» өз алаңында «Витязды» қабылдайды.