Президент • 04 Қараша, 2022

«Самұрық-Қазынаның» ірі активтері халыққа жария болады - Президент

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік дипломаттарды 70 млрд доллар активтері бар әлемдегі ең ірі 30 тәуелсіз қордың қатарына кіретін «Самұрық-Қазына» Қорымен белсенді өзара іс-қимыл жасауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Самұрық-Қазынаның» ірі активтері халыққа жария болады - Президент

«Қазіргі уақытта Қор ашықтық пен тиімділікті арттыруға бағытталған кешенді трансформациядан өтіп жатыр. Осы тұрғыда басты бағыттардың бірі - «Самұрық-Қазына» қорының портфельдік активтерін жекешелендіру. Ұлттық мұнай компаниясы, әуе тасымалдаушысы және теміржол компаниясы сияқты Қордың ең ірі активтері жақын арада жария болады. ҚазМұнайГаз - біздің ұлттық мұнай чемпионымыз осы күзде Қазақстанда IPO өткізеді», деді Президент.

Айта кетсек, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшыларымен кездесу өткізді. Кездесуде Мемлекет басшысы дипломатиялық корпуспен кездесулерді екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жақсы дәстүр деп атады.