Қазақстан • 04 Қараша, 2022

Қазақстанда жаңа кәсіби мереке бекітілді

466 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 10 қарашада Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні аталып өтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің ресми парақшасына сілтеме жасап.

Қазақстанда жаңа кәсіби мереке бекітілді

Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» тиісті қаулыға қол қойды.

Осыған байланысты 17 мамырда аталып өтілетін Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні мерекесі Байланыс қызметкерлері күні болып өзгертілді.