Парламент • 05 Қараша, 2022

Конституциялық реформамен Қазақстан тарихында жаңа дәуір басталды - Мәулен Әшімбаев

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы қол қойған заңдарға қатысты әлеуметтік желілердегі парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Конституциялық реформамен Қазақстан тарихында жаңа дәуір басталды - Мәулен Әшімбаев

«Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев маусым айында өткен республикалық референдумның нәтижесін іске асыру үшін қабылданған бірқатар заңға жария түрде қол қойды. Олардың қатарында «Конституциялық Сот туралы», «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы», «Прокуратура туралы» сияқты конституциялық заңдар бар», деп жазды Сенат Төрағасы.

Осылайша билік тармақтары арасындағы байланыстың жаңа үлгісін қалыптастыруға және мемлекет басқару ісіне азаматтардың қатысуына жол ашуға мүмкіндіктер туып отыр. Сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесі нығая түскенін атап өтті.

«Президентіміз атап өткендей, конституциялық реформа Қазақстан тарихында жаңа дәуір басталғанын айқындайды. Бұл қадамдар соңғы үш жылдағы саяси өзгерістерді орнықтырып, мемлекетімізді одан әрі нығайту үшін мықты негіз қалады. Шын мәнінде, бүгін қол қойылған заңдар Әділетті Қазақстан құрудың берік құқықтық іргетасы екені сөзсіз. Алдағы уақытта Парламент Сенаты әділеттілік қағидатына табан тірей отырып, заңнамалық жұмыстарды жалғастыра береді», деді Мәулен Әшімбаев.