Шарайна
Мәскеу қаласында журналист Анна Политковскаяның өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Прокурор соттан айыпталушыларды 15 жыл мерзімнен өмір бойы түрмеде отырғызу жазасын сұрады. Мемлекеттік айыптаушы Политковскаяны өлтіруді ұйымдастырғаны үшін Гайтукаев пен Мәскеу қаласы ішкі істер басқармасының қызметкері Хаджикурбановты тиісінше бірін өмір бойы бас бостандығынан айыруды, ал екіншісін 22 жыл түрмеде отырғызу жазасына кесуді сұрады. Прокурор, сондай-ақ, өлтіруді ұйымдастырғандар жазаларын қатаң режімдегі колонияда өтеулері тиіс деп есептейді. Политковская 2006 жылдың 7 қазанында өз үйінің кіреберісінде киллер оғынан қаза тапқан еді. Белгісіз мерзімге шегеруді ұсынды Сириялық оппозиция президенттік сайлауды белгісіз мерзімге шегеруді ұсынды. Мұны оппозиция өкілдерінің бірі – Кадри Джамиль Мәскеу қаласында өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның айтуынша, сайлаушылардың көпшілігі дауыс беруге қатыса алмайды. Сондай-ақ, ол оппозиция «президенттік сайлауға байкот жариялауға шақырып отырған жоқ» деп атап өткен. Бұл елде сайлау 3 маусымға белгіленген. Башар Асадқа негізгі бәсекелес ретінде екі саясаткердің аты-жөні аталады. Бірі – 43 жастағы аллеполық коммунист әрі депутат Махер Абдель Хафиз Хаджар, екіншісі – елдің бұрынғы министрі 54 жастағы Хассан Абдель Илляхи ан-Нури. Туристерді осылай тартса керек Тарихта алғаш рет аса мол көлемдегі туристік топ Қытайдан Лос-Анджелес қаласына келді. Құрамы алты мың адамнан тұратын топты осында жеткізу үшін 70 авиарейс қажет болған. Туристермен кездесу алдында бір сауда орталығында қызыл түсті төсеніш төселіпті. Туристер жүзге жуық шағын топтарға бөлінген және әр топтың өз бағдарламалары бар көрінеді. Бұл туристік топтың келуін «Перфект» деген сауда компаниясы ұйымдастырған. Әрі осы компания туристердің бар шығынын көтерген. АҚШ сауда департаментінің мәліметтері бойынша, өткен жылы АҚШ-та 1,8 миллионнан астам қытайлық болған екен. Олардың әрқайсысы орта есеппен 10 мың доллардай қаржы қалдырыпты. Қаржылық алаяқтықты мойындады Францияның оппозициялық «Халық қозғалысы одағы үшін» партиясына 2012 жылғы президенттік сайлауда Николя Саркозидің сайлау кампаниясы кезінде қаржылық алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр. ИТАР-ТАСС агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі күні партияның штаб-пәтеріне тінту жүргізілген. «Кампанияның 11 миллион долларға жуық қаражаты басқа мақсатқа жұмсалды» деп мәлімдеді Жером Паврийе. Бұл адам сайлау науқаны кезінде Саркозидің сайлауалды штабы жетекшісінің орынбасары болған екен. Оның айтуынша, бұл мәселелерден Саркози мен партияның қазіргі басшысы Жан-Франсуа Коле хабарсыз болған. Сондықтан Ж.Лаврийе алаяқтыққа қатысты мәселені өз жауапкершілігіне алып отыр. Оларды адвокаты Патрик Мезонневтің сөзіне қарағанда, бұл «экономикалық бопсалау болып табылады». Қай жерде екендері анықталды Нигерия қорғаныс штабының басшысы Алекс Бадех елдің қарулы күштеріне ұрланған оқушы қыздардың қай жерде екендігі белгілі болғанын мәлімдеді. Бірақ, оны атаудан бас тартты. Ел билігі тұтқындағы қыздарды құтқаруға қазірше кірісе алмай отыр. Себебі, құтқару операциясы барысында содырлар кепілге алынғандарды өлтіріп тастауы мүмкін. «Боко харам» террорлық ұйымы осы жылдың 14 сәуірінде Шибок қаласындағы мектепке шабуыл жасап, содырлар 276 қызды ұрлап кеткен еді. Терроршылар оларды құлдыққа сатамыз деп қорқытқан да болатын. Дерек көздеріне қарағанда, екі жақ кепілдегі 50 қызды «Боко харам» ұйымының қамаудағы 100 мүшесіне айырбастауға келіскен сияқты. Нигерия үкіметі бұл мәлімдемеден бас тартып отыр. Оның себебі белгісіз. Ауыр салмақтының бірі қайтыс болды 2007 жылы әлемдегі салмағы ең ауыр деп танылған мексикалық Мануэль Урибе 48 жасында өмірден озды. «Ассошейтед пресс» агенттігінің ақпараты бойынша, ол Монтеррей қаласындағы ауруханада жүрек талмасынан қайтыс болған. Урибені ауруханаға көтергіш кранның көмегімен кіргізіпті. Оның артында зайыбы Клаудия қалды. Урибенің салмағы 2001 жылы 597 килоны тартқан екен. Диета ұстаудың арқасында ол 360 килоға дейін арықтапты. Қазіргі кезде әлемдегі салмағы ең ауыр адам Сауд Арабиясының тұрғыны Халид Мохсен Шаариден есептеледі. Оның салмағы 610 килоны құрайды.Қысқа қайырып айтқанда:
*Бурятияда анасы ұлының қалтасынан тауып алған насыбайды жеуге қыстаған. Соның кесірінен ұлы ажал құшыпты. * АҚШ әкімшілігі кездейсоқ жағдайда Орталық барлау басқармасының Ауғанстандағы резидентура бастығының жеке басын жария етіп қойды. Оның аты-жөні Барак Обаманың Ауғанстанға сапары барысындағы іс-шараларға қатысатын 15 адамның тізіміне кіргізілген екен. *Сирия аумағында ұрланған химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым миссиясының қызметкерлері босатылды. Қазір олар өздерінің базасына оралды. *Ресейлік бизнесмен Антон Зингаревич «Рединг» футбол клубының бақылау пакеті акцияларын сатуға қою жөнінде шешім қабылдады. Ол, сондай-ақ, акцияларды небәрі бір фунтқа сатуға дайын екенін мәлімдеді.Интернет материалдары негізінде әзірленді.