Ол неміс Хусейн Мұхамедпен (17-0, 14 КО) титул үшін жекпе-жек өткізді. Бұл ауыр салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын. Жекпе-жек үшінші раундта Қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Жан Кособуцкий кәсіпқой мансабындағы он тоғызыншы жеңісіне қол жеткізіп, ауыр салмақтағы WBC International чемпиондық белбеуін сәтті қорғады. Хусейн Мұхамед кәсіпқой рингте алғашқы рет жеңіліске ұшырады.