Спорт • 07 Қараша, 2022

Айдос Ербосынұлы жасанды комаға түсті - БАҚ

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы кубалық спортшымен өткізген жекпе-жегінде ауыр жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айдос Ербосынұлы жасанды комаға түсті - БАҚ

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы 6 қараша күні таңертең WBA Regular атағы үшін жекпе-жегінде кубалық Дэвид Моррельден нокаутпен жеңілген. Sports.kz таратқан ақпарға қарағанда, жекпе-жектен кейін спортшы ауыр халде ауруханаға жатқызылыпты.

Миннеаполисте өткен кездесу Моррельдің жеңісімен аяқталды.

Журналист Дэн Рафаэльдің айтуынша, жексенбі күні Айдос комаға түскен. Спортшыға миға қан кету диагнозы қойылған.

Іс-шараның тікелей қатысушысы болған тағы бір дереккөз «Айдос ауыр халде» екенін атап өтті.

Ал аурухана қызметкерлері спортшының жағдайына қатысты қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты.

Рафаэльдің әріптестері Дэн Каноббио мен Джефф Джеффри де Ербосынұлы жасанды кома күйіне енгені жөнінде ақпарат таратты.