Спорт • 07 Қараша, 2022

Шорт-трек: Қазақстандықтар үш медаль еншіледі

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денис Никиша мен Әділ Ғалиахметов Солт-Лейк-Ситиде өткен шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінің жүлдегерлері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шорт-трек: Қазақстандықтар үш медаль еншіледі

Olympic.kz хабарлағандай, Денис Никиша жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Ол 500 метр қашықтықта екінші орынды иеленді. 

Тағы бір қазақстандық спортшы Әділ Ғалиахметов 1000 метр қашықтықта үшінші нәтиже көрсетті.

Айта кетейік бұған дейін Абзал Әжғалиев 500 метр қашықтықта күмісті медаль еншілеген еді.

Осылайша, әлем кубогы кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынына үш медаль түсті.