Аймақтар • 07 Қараша, 2022

Президент: Маңғыстаудың өңдеу өнеркәсібін дамыту керек

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Маңғыстаудың өңдеу өнеркәсібін және бизнес саласын дамыту қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент: Маңғыстаудың өңдеу өнеркәсібін дамыту керек

«Бұл аймақ Тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтуға орасан зор үлес қосты. Мұнда еліміздегі мұнайдың төрттен бірі өндіріледі. Мұнай-газ саласымен қатар облыста экономиканың өңдеу өнеркәсібін дамытуға мол мүмкіндік бар. Қазір мемлекет алдында тұрған негізгі міндеттің бірі – ұлттық экономиканы іс-жүзінде әртараптандыру», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ терең өңделген дайын өнім шығаратын өндіріс орындарын ашу керегін де ескертті.

«Мен бұл туралы Үкімет жиындарында, өңірлерге барған кезде үнемі айтып жүрмін. Барлық әкімдер осы мәселеге баса назар аударуға тиіс. Бұл – Үкімет пен әкімдердің алдында тұрған маңызды міндет», деді ол.