28 Мамыр, 2014

Іріктеудің қорытындысы шығарылды

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Ақордада Қазақстан Респубикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы болды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Ұлттық комиссияның отырысында мемлекеттік қызметтің «А» корпусының кадр резервіне ірік­теудің қорытындысы шығарылды. Іріктеуге қатысу үшін барлығы 1029 өтініш беріліп, тестілеу рәсі­мі­нен кейін 365 үміткер әңгі­ме­лесуге жіберілді. Әңгімелесу қорытындысы бойынша Ұлттық комиссия 149 кандидатты резервке алуға ұсынды. Резервшілердің толық тізімі Мемлекеттік қызмет істері агент­тігінің ресми сайтында жарияланатын болады.