Қаржы • 07 Қараша, 2022

KASE доллар бағамын белгіледі

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 464,40 теңгені (-0,09) құрағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

KASE доллар бағамын белгіледі

Ресей рублінің орташа өлшенген бағамы 7,55 теңгеге дейін төмендеді.

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы көтеріліп, 64,23 теңгені (+0,19) құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық банк еуроны 453,86 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды 465-468,5 теңгеден, еуроны - 459-465 теңгеден, ресей рублін - 7,05-7,25 теңгеден сатып алады/сатады.

Сонымен қатар 7 қарашадағы сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Сонымен, Brent маркалы мұнайға қаңтар фьючерстерінің құны 0,99%-ға төмендеп, барреліне 97,59 долларды құрады.

WTI мұнай фьючерстерінің бағасы 1,26%-ға төмендеп, барреліне 91,44 долларды құрады.