Қоғам • 07 Қараша, 2022

Есікте болған жанжалда жарақат алғандардың жағдайы белгілі болды

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы Есіктегі тұрмыстық жанжалдан зардап шеккен төрт адамның жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Есікте болған жанжалда жарақат алғандардың жағдайы белгілі болды

Науқастың бірі 1991 жылы туған азамат. Ауруханаға кеуде тұсынан алған пышақ жарақатымен түскен. Қазіргі уақытта ол мамандандырылған бөлімге ауыстырылды. Жағдайы тұрақты. Ал 1984 жылғы тағы бір науқас дене және іш қуысынан пышақ жарақатын алған. Оған ота жасалып, реанимацияда жатыр. 

Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы өте ауыр, қазір жасанды тыныс алу аппаратына қосылыпты.

Сондай-ақ 1987 жылы туған науқастың да жағдайы сөз болды. Мамандардың айтуынша, ол ауруханаға бастың желке тұсының кесілген жаралары және оң жақ жауырындағы жарақатымен жеткізілген. Науқас травматология бөлімінде жатыр, жағдайы тұрақты. Тағы бір науқас тексерістен кейін амбулаторлық емделуге кетті.

Алматы облысының полицейлері де науқастардың тұрмыстық жанжал кезінде жарақат алғанын растап отыр. Зардап шеккендердің бірі алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Іс 99-баптың 2-бөлімі «Бұзақылық ниетпен бір топ адам жасаған екі немесе одан да көп адамды өлтіру» бойынша тергелуде.

Еске салайық, бұған дейін Есіктегі ауруханаға бес адамның жарақатпен түскені, бір адамның қайтыс болғаны белгілі болған еді.