Парламент • 08 Қараша, 2022

Сенатта халықаралық келісімнің ратификациясы талқыланды

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктер және консулдық мекемелер қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің ақылы еңбек қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенатта халықаралық келісімнің ратификациясы талқыланды

Келісімнің мақсаты – екі мемлекеттің аумағында дипломатиялық миссиялар қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің ақылы еңбек қызметін жүзеге асыруына байланысты мәселелерді реттеу.

«Мұндай келісімдер жасау әлемдік тәжірибеде кең таралған. Бұл Қазақстан үшін алғашқы келісім», деді сенатор Ғалиасқар Сарыбаев.

Кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша комитет депутаттары заң жобасын Палатаның қарауына беру туралы шешім қабылдады.