Әлем • 08 Қараша, 2022

Аралық сайлау АҚШ саясатына қалай әсер етеді?

304 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін америкалықтар бірқатар штаттағы өкілдер палатасын, Сенаттың үштен бірін, заң шығарушы органдар мен губернаторларды сайлайды, деп хабарлайды Egemen.kz bbc news жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Аралық сайлау АҚШ саясатына қалай әсер етеді?

Бұл сайлауды аралық сайлау деуге болады. Өйткені бұл президент мерзімінің ортасында өтеді. Олар бұл сайлауда Өкілдер палатасын, Сенаттың үштен бірін, бірқатар штаттағы заң шығарушы органдар мен губернаторларды таңдайды.

Америкада бәрі президентке байланысты емес. Саяси жүйе көбіне президент жақтастарымен шешіледі. Сайлаушылар басқа сайланбалы қызметтерді – конгресс мүшелері, сенаторлар, губернаторлар және штаттың заң шығарушы органының мүшелерін сайлайды.

Сайлау қалай өтеді? 

Екі партия сайлаушыларының демографиясы жіті зерттеледі. Яғни олардың тұратын жері, жасы, жынысы мен нәсілдік құрамы, табыс деңгейі мен білім деңгейі сараланып, оларға анализ жасалады.

Келесі бұл сипаттамалардың барлығы карта бетіне түсіріледі. Көбіне қалаларда демократтар, ауылдық жерлерде республикашылдар басым болып, ал қала маңындағы аудандар нағыз шешуші рөл атқарып жатады.

Мұның астарында үлкен саясат жатыр. Өйткені бұл ақпараттармен қаруланған мемлекет саясаткерлері өз партиясына тиімді жақтарды қарастырып, сайлау округтерінің шекараларын анықтауға тырысады. Яғни бұл шекараларды кез келген жолмен салуға болады: консервативті штатта, үлкен қаланы бірнеше ауданға бөліп, оларды ауылдың үлкен бөліктеріне қосуға болады. Осылайша қала тұрғындарының дауысы сол аудан бөлігіне тиесілі болады. Либералды штатта, керісінше, қалалық округке ауылдық жерлерді қосуға болады. Бірақ ауыл тұрғындарының дауысы қалалық сайлаушылардан басым түспейтіндей етіп жасайды. Бұл тәжірибенің ғылыми атауы джерримендеринг деп аталады.

Бұл тұста басты назарға алатын жайт - әр тараптың ұстанымы. Мәселен Демократтар Америкадағы инфляцияның жоғары көрсеткіштерінің тұсында экономикалық саясаттан гөрі басқа тақырыптарға назар аударды. Мысалы, аборт тақырыбына. Сондай-ақ қару саудасына шектеу қоюды жақтады. Ал халықты қазір елдің экономикалық жағдайы көбірек алаңдатып отыр. Бұл дегеніміз халық Республикашылдарды таңдауы мүмкін. 

Республикашылдар жеңіске жеткен жағдайда Өкілдер палатасындағы барлық жетекші орындарды алып, оның күн тәртібін толығымен өзгертеді.