Қаржы • 08 Қараша, 2022

Доллар қанша теңгеден сатылып жатыр?

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 464,01 теңгені құрап, 0,38 теңгеге төмендегенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Доллар қанша теңгеден сатылып жатыр?

Ресей рублінің орташа өлшенген бағамы 7,61 теңгеге дейін өсті (+0,06).

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы төмендеп, 63,86 теңгені (-0,37) құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 463,7 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды 465,5-469 теңгеден, еуроны – 463-468 теңгеден, ресей рублін – 7,1-7,3 теңгеден сатып алады/сатады.

Сонымен қатар 8 қарашадағы сауда-саттық кезінде әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Осылайша, Brent маркалы қаңтар фьючерстері 0,32%-ға арзандап, барреліне 97,61 долларды құрады.

Желтоқсан WTI фьючерстері барреліне 91,48 долларға дейін 0,34%-ға төмендеді.