Пойыз тәулігіне бір рет жүреді. Жылжымалы құрам Алматы-1 станциясынан сағат 06:44-те жөнелтіліп, Қапшағай станциясына сағат 08:35-те келеді. Ал Қапшағай станциясынан сағат 19:15-те жөнелтіліп, Алматы-1 станциясына сағат 20:50-де жетеді.
«Пойыз құрамында жалпы жолаушылар сыйымдылығы 175 орынды құрайтын 3 вагон бар. Тасымалдауды «Жолаушылар тасымалы» АҚ жүзеге асырады», делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы жаңа пойыз бағытын ашу туралы Алматы облысына жасаған сапарында айтқан еді.