Қоғам • 08 Қараша, 2022

Цифрлық таңбалаудың пайдасы

177 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тауарларды цифрлық таңбалау мен қадаға­лаудың бірыңғай операторының мамандары өңірлерде темекі өнімдерін көтерме-бөлшек сату­ды жүзеге асыратындарға цифрлық таң­ба­лау жүйесінде жұмыс істеуді үйретіп жатыр.

Цифрлық таңбалаудың пайдасы

Оқу семинарлары барысында қатысушыларға тауарды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесі, онымен қалай жұмыс істеу керектігі, жүйенің қандай артықшылықтары бар екендігі түсіндіріледі. Бірыңғай оператор өкілдері цифрлық таңбалау жүйесінде жұмыс істеуді және бизнеске арналған Naqty Sauda Akt мобильді қосымшасын пайдалануды үйретеді. Оның көмегімен компьютерді пайдаланбай-ақ құжаттарды қабылдап, растауға болады. Сонымен қатар «Автоматты түрде жүйеден шығару» сервисі таныстырылуда. Ол арқылы кәсіпкерлер «Темекі өнімдері» тауар тобында таңбалау кодтарының автоматты түрде шығарылуымен қабылдау-беру актілерін растайды.

ЕАЭО елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да цифрлық таңбалау DataMatrix екі өлшемді кодының көмегімен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлер тауарға кодты қолданады, ал тұтынушылар оны Naqty Onim қосымшасының көмегімен сканерлей алады.

Цифрлық таңбалау экожүйесінде үш мобильді қосымша бар. Naqty Onim қосымшасы тұтынушыға таңбаланған өнім туралы барлық ақпаратты ұсынады. Ал Naqty Sauda Kassa қосымшасы 2D сканерін сатып алу мүмкіндігі жоқ бөлшек сауда үшін жасалған. Naqty Sauda Akt қосымшасы қабылдау-тапсыру актілерін растауға және қабылдамауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар бірыңғай оператор Қазақстанның IT-қауымдастығын бизнеске барынша ыңғайлы және бейімделу үдерісін жасау үшін цифрлық таңбалау экожүйесін бірлесіп дамытуға шақырды. Қазіргі уақытта IT компаниялармен кездесулер өткізіліп, жүйені біріктіру жоспарлары әзірленеді.

Бүгінде Бірыңғай цифрлық таңбалау операторы Петропавл, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Тараз, Қарағанды, Астана, Өскемен қалаларында оқыту семинарларын өткізді. Семинарлар басқа қалаларда да жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 13 шілде­сінде цифрлық таңбалау темекі өнімдерін сәйкес­тендіру үшін бұрын қолданылған акциздік марканың функциясын толығымен ауыстырды. Енді темекі өнімдерінің цифрлық таңбалау коды жоқ айналымы үшін жосықсыз кәсіпкерлерден тауар тәркіленіп, лицензиядан айырып, оларға айыппұл салынады.

Осы жылдың тамыз айында контрабанда таңба­ланбаған 4 млн-нан астам қорап темекіні Қазақстанға әкелуге тырысқан. Аталған бұзушылықтар бойынша бюджетке төленуге жататын кедендік төлемдердің, салықтардың және акциздің алдын ала сомасы 1,2 млрд теңгені құрады.