Саясат • 09 Қараша, 2022

Сапалы тұқым – мол өнім кепілі

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруа­шылығы» серіктестігінің қызметкерлерімен кездесті.  

Сапалы тұқым – мол өнім кепілі

Кәсіпорын сүт өндіру және өсімдік шаруашылығы бойынша республикада өте жоғары көрсеткішке ие. Серіктестіктің өз селекциясын жүргізетін заманауи тәжірибе жасау алқаптары да бар. Былтыр «Жаңа Қазақстанға – жаңа ауыл» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысының шалғай аудандарында «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС есебінен жаңа жерлерді игеруге, шағын шаруа қожалықтарының кірісін арт­тыруға мол мүмкіндік беретін тегін майлы дақылдардың күн­бағыс гибриді егілген еді.

Жигули Дайрабаев кездесу барысында еңбек ұжымын сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Кандидат елімізді аграрлық державаға айналдыру үшін қорға жақсы тұқымдар қажет екенін айтып, бүгінде Қазақстанда жетіспейтін тұқым шаруашылығын дамытудың өте маңызды екендігіне тоқталды. «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС қолданатын технологиялардан топырақ сапасы айтарлықтай жақсартатынына көз жетті. Ал бүгінде Қазақстанда қолданылатын технология топырақ сапасын жақсартпайды, тек сақтайды», дейді Ж.Дайрабаев.

Бұдан кейін кандидат жергілікті голштин тұқымы өсірілетін, жоғары өнімділігімен танымал сүт және мал шаруашылығы кешеніне барды. Сапалы менеджмент пен жақсы жем-шөп базасының арқасында бұл ұжым бүгінде жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отыр.

Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024