Ауа райы • 09 Қараша, 2022

Қазақстанның басым бөлігінде көктайғақ болады

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет орталығы 9 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде көктайғақ болады

Синоптиктердің сөзінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Солтүстік өңірлерде қар, оңтүстік-шығыста қар аралас жаңбыр себебінен көктайғақ болады. Ал елдің оңтүстігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады.

Мұндай тұрақсыз ауа райы атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты орын алмақ.  Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі.

Сондай-ақ мамандар Алматы облысының  таулы аудандарында қар мен жаңбыр күтілетінін айтуда.