ANTIKOR • 09 Қараша, 2022

Антикордың жалған қызметкері сотталды

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

9 қарашада Ақтау қалалық сотымен алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін азаматтар Кәрімов және Батырханов мемлекеттік қызметке баруға өмір бойына тыйым сала отырып, сәйкесінше 7 жыл 6 айға және 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Антикордың жалған қызметкері сотталды

«Агенттік Төрағасының көмекшісі атын жамылған Кәрімов Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан коммерциялық объектілерді орналастыру үшін оның атына Каспий теңізінің жағалауындағы жер учаскесін ресімдеуді талап еткені үшін кінәлі деп танылды», делінген ведомство хабарламасында.

Бұдан басқа, 2020 жылғы ақпанда Кәрімов Батырхановпен алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында әрекет етіп, өзін Білім және ғылым вице-министрі және Алматы қаласы әкімінің көмекшісі ретінде көрсете отырып, балабақша меңгерушісінен әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін 1 млн теңге талап еткен.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.