Қаржы • 09 Қараша, 2022

Қазақстанның алтын-валюта активтері ұлғайды

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазан айында елдің алтын-валюта активтері шамамен 330 миллион долларға өсіп, 33 миллиард долларды құрады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның алтын-валюта активтері ұлғайды

Әлия Молдабекова мұндай өсім клиенттік қаражат пен ЕДБ қаражатының Ұлттық банктегі валюталық корреспонденттік шоттарға әкелінуіне байланысты болғанын айтады.

«Дегенмен, жоғарыда аталған факторлардың әсері мемлекеттік қарызды төлеумен, сондай-ақ алтын бағасы бір унция үшін 1673 доллардан 1639 долларға дейін төмендеуімен ішінара реттелді. Алтын бағасының төмендеуі нарық ойыншыларының АҚШ ФРЖ-ның «күшейту» риторикасына әсерінен туындады. Бағалы металдар нарығындағы құбылмалылық, бұрынғысынша, айтарлықтай жоғары болып қалып отыр», деді төраға орынбасары.

Айта кетсек, қазанда Ұлттық банк халықаралық резервтерді әртараптандыру үшін алтын үлесін қысқарту жөніндегі саясатын іске асыруды жалғастырды, осыған байланысты алтын тұрақты валюталарға сатылған.