29 Мамыр, 2014

Бәсекелестіктің тетігі – еуразиялық интеграция

326 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек осы университеттің профессорлық-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесті. Шараға университет ректоры Ерлан Сыдықов, Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Рахым Ошақбаев және Еуразиялық ықпалдастық институтының директоры Жанаргүл Құсманғалиева қатысты. Кездесу тақырыбы Еуразиялық экономикалық интеграция болды. IMG_2811 Жиында сөз алған Б.Байбек 1994 жылы еуразиялық ықпалдастық идея­сын тұңғыш рет Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көтергеніне, сол уақыттан бұл стратегиялық бастама 20 жыл бойы кезең-кезеңмен жүзеге асырылып келе жатқанына тоқталды. Оның айтуын­ша, бұл идея 2000 жылы – Еуразиялық экономикалық қауымдастықты, 2010 жылы – Кеден одағын, 2012 жылы – Біртұтас экономикалық кеңістікті құру аясында іске асырылған. «Ал бүгінгі таңда еуразиялық ықпалдасу жаңа меженің – ЕАЭО құрудың алдында тұр», дей келе, Б.Байбек Еуразия кеңістігіндегі ықпалдасу барысының даму сипатын атап өтті. Өз дәрісінде ол үдеп келе жатқан жаһандық экономикалық бәсеке жағдайындағы елдердің аймақтық қауымдасуының маңыздылығына тоқталды. Бұл туралы ол былай деді: «Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың басшылығымен тұрғындардың әл-ауқаты мен мемлекетіміздің өркендеуіне бағытталған жүйелі реформалар жүргізілді. Соның арқасында бүгін Қазақстан біздің әріптестерімізбен белсенді экономикалық ықпалдасуға дайын. ЕАЭО құру қазақстандық бизнес үшін ауқымы 170 млн. адамдық нарыққа жол ашады, бұл өз кезегінде отандық өндірісті дамыту мен экономиканы әртараптандыруға қосымша ынта береді. «Қазақстан - 2050» Стратегиясында Мемлекет басшысы әрқайсысы түрлі сауда-экономикалық бірлестіктің мүшесі болып табылатын, әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу туралы мақсат қойды. Бүгінгі таңда экономикалық ықпалдастық нарықтық экономикасы бар кез келген елдің табысты дамуының міндетті шартына айналды».   Ал Р.Ошақбаев «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде үш ел бизнес жүргізу үшін, оған ең қолайлы жағдайлар жа­сау үшін, дұрыс орта қалып­тас­тыру үшін тиімді бәсекеге түсетінін жеткізді. «Бұл жолда Қазақстанның өз бағыты бар. Демек, бұл – кәсіпкерлік қыз­мет субъектілерін тарту үшін біздің осы бәсекеде озық бо­луымызға мүмкіндіктер бар деген сөз», деді ол бұл ретте. Оның айтуынша, бүгінде әріптес елдердің мемлекеттік сатып алу көлемі – 198 млрд. АҚШ долларын құраса, бұл Қазақстанның мемлекеттік сатып алу көлемінен 26 есе көп екен. Ал Ресей мен Беларусь импортының жиынтық көлемі 360 млрд. АҚШ долларын құрайтын көрінеді, бұл сәйкесінше, Қазақстанның ішкі жалпы өнімінен 1,6 есе көп. Сондай-ақ, кездесу барысында Кеден одағы елдерінде өңделген тауарлар экспорты 2009 жылмен салыстырғанда, өткен жылы 2 есеге, яғни 1,6 млрд. АҚШ долларына дейін өсіп, 3,2 млрд. АҚШ долларын құрағаны, ал қазақстандық өнімнің экспортында өңделген тауарлар үлесі 44,9%-дан 54,6%-ға дейін өскендігі де айтылды. Мамандар өз кезегінде Кеден одағы құрылған кезден бас­тап Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібінде тікелей шетел инвестициясы 88%-ға өскеніне, мәселен, 2009 жылы ол 1,8 млрд. АҚШ долларын құраса, 2012 жылы 3,4 млрд. АҚШ дол­ларына дейін ұлғайғанына тоқ­тал­ды. Яғни, тікелей шетел инвес­ти­циясының көлемі осы ке­зеңде 33%-ға көтеріліп, 21,4 млрд. АҚШ долларынан 28,3 млрд. АҚШ долларына дейін арт­қан екен. Ж.Құсманғалиеваның ойы да елдер арасындағы инте­гра­ция­лық үдерістердің экономиканың алға жылжуына сеп болады дегенге сайды. «Егер, әлемнің сая­си картасына қарайтын болсақ, бәріміз де оның интеграциялық бірлестіктерден тұратынына көз жеткіземіз. Қазіргі таң­да дүниежүзінде мұндай бірлес­тіктердің саны 200-ге жуық­тайды. Әрине, олардың кейбірі ірі, кейбірі ұсақ. Бірақ, мәселе он­да емес. Мәселе, осындай инте­грациялық үдерістердің бүкіл әлемге тән, жалпыға ортақ үдеріс екендігі. Бұл – қажеттілік. Бұл – тиімділік. Себебі, қандай да бір дамыған ел өзгелерден алшақ, томаға-тұйық өмір сүре алмайды. Сондықтан, мұндай интеграциялық үдерістер эконо­микалық тұрғыдан келгенде, шетелден инвестицияның көп­теп ағылуын, ішкі нарықтың кеңеюін, экономикалық бәсе­келестіктің артуын, тауар мен қызмет көрсету түрлерінің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы мен айналымын қамтамасыз етеді», деді өз сөзінде Ж. Құсманғалиева. Ал Т.Балықбаев тарихи оқиғаның қарсаңында осындай дәріс өткізіп, қоғамды тол­ғандырған өзекті мәселені тал­қы­лауға, сан түрлі сауалдарға жауап іздеуге мүмкіндік берге­ні үшін Б.Байбекке алғы­сын білдірді. «Бүгін біз еу­ра­зиялық интеграция жөнінде маң­ызды мәселелерді талқы­ла­дық. Елбасының 1994 жы­лы Мәскеу мемлекеттік универ­си­те­тіндегі дәрісінен бастау алған еуразиялық интеграция идеясы бүгінде әлемдегі озық үлгілердің қатарына еніп отыр. Себебі, үлкен келісімге қол қойыл­ғаннан кейін бұл мәселе тарихи жылнамаға жазылса, ал біз интеграцияның үдері­сіне қадам басатын боламыз. Бұл келісімнің өзегінде экономикалық шарттар жатса да, онда білімге қатысты да мәсе­лелер қозғалған. Мәселен, елі­міздің жоғары оқу орындарын бітірген түлектердің Ре­сейдің, Беларусьтің жетек­ші мекемелеріне барып, жұ­мыс істеуіне толық мүмкін­діктері болады. Бұл – біздің жас­тарымыздың «қызмет ету геогра­фиясының» да кеңейіп жат­қанының белгісі. Жалпы алғанда, бұл шарттың ең негізгі идеясы – экономика сала­сын­дағы мүмкіндіктер», деді Т.Балықбаев. Шара соңында оған қатысқан азаматтар университеттің про­фессорлық-оқытушылар құра­мымен және студенттермен еуразиялық интеграция төңі­ре­гінде өзара пікір алмасты. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».