Бокс • 09 Қараша, 2022

Жайна Шекербекова Азия чемпионатының финалына шықты

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Жайна Шекербекова  Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатында жартылай финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жайна Шекербекова Азия чемпионатының финалына шықты

Жартылай финалда 54 келіге дейінгі салмақта Шекербекованың қарсыласы Тайвандық Хуан Сяо Вен болды. Жекпе-жек төрешілердің шешімімен қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды. Осылайша, Шекербекова турнирдің финалына шығып, құрлық біріншілігінің алтын жүлдесін сарапқа салады.

Боксшы биылғы жылы Амманда өткен әлем чемпионатындағы жекпе-жекте жапондық Нарита Хананы жеңген еді.