Қоғам • 09 Қараша, 2022

Оқушылар кітап оқып, бақ сынады

379 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордадағы Оқушылар сарайында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен және Қазақстандық қоғамдық даму институтының ұйымдастыруымен «Балалар әлемі» республикалық балалар оқулары байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Оқушылар кітап оқып, бақ сынады

Байқауға еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің 3-10-сынып оқушыларынан аудандық, қалалық, облыстық іріктеулерден өткен жалпы 97 мыңнан аса бала қатысты. Олар 4 санат бойынша бақ сынады. Атап айтқанда «Ертегілер әлемінде» тақырыбында 3-4-сынып оқушылары «Қазақ ертегілері» және «Алпамыс батыр» кітаптары; «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында 5-6 орта сыныптағы оқушылары «Мен – апамның баласы­мын» және «Ағайынды Гримм­дер ертегілері» атты кітап­тар, «Ғасырлар тарихты жырлай­ды» тақырыбында 7-8-сынып­тағы балалар «Ұшқан ұя» және «Гулливердің саяхаты» кітаптары; «Ұлы дала эпостары» және «Ұлы даланың даңқы» тақырыбында 9-10-сынып оқушылары І.Есенберлиннің «Көшпенділер. Алмас қылыш» және Д.Дефоның «Робинзон Крузо» кітаптары бойынша білімін ортаға салды.

Салтанатты рәсімге Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, Парламент депутаттары, Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдері, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен журналистер қатысты.

Алғы сөз алған Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров: «Республикалық балалар оқуына еліміздің түкпір-түкпірінен сүрінбей өткен жүзден жүй­рік қатысушыларымызды бай­қаудың межесіне жетуімен шын жүректен құттықтаймын. Орайы келіп тұрғанда баршаңыз­ды тұғырына қайта қонған ұлттық мерекеміз Республика күні­мен де құттықтаймын. Бұл бай­қау кітап оқу мәдениетімен қатар мемлекеттік тілдің жас буын ортасында кең таралуына үлес қосады. Аталған әйгілі туын­дылар адамның өмір жолында өлшеусіз азық болып, парасатты, кемел жастар­ды қалыптас­ты­руға ықпал етіп келеді. Осындай азамат­тармен бірге біз Әділетті Қазақстанды және қоғамдағы ізгі құндылықтарды қалыптастырамыз», деді.

Парламент Мәжілісінің депутаттары Сауытбек Абдрахманов мен Аманжол Әлтай, Қазақстандағы ЮНИСЕФ басшысының кеңес­­шісі Бағдад Құлназаров, Жазу­­шылар одағының мүше­лері, ақын-жазушылар Серік Негимов, Шархан Қазығұл, Дихан Қамзабекұлы, Қуа­ныш Жиенбай және Роза Мұ­қанова­лар тиісті номинация­лар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді бағалы сый­лық­тармен марапаттады.

Салтанатты рәсім барысында ең белсенді қатысу­шы­лар­ға алғыс хаттары мен Marwin сертификаттары табыстал­ды. Соңы концертке ұласқан байқаудың басты мақ­саты – балалар мен жасөспірім­дер­дің кітап оқуға деген қызығу­шылығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін, ақын-жазушылардың шығармаларын терең зерттеуге тарту және өскелең ұрпақтың бойын­­да патриоттық сезімді қалып­тас­тыру.