Қазақстан • 10 Қараша, 2022

Заң бұзған Қырғызстан азаматы елден шығарылды

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі мамандандырылған сот Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Қырғыз Республикасының азаматын елден шығарды, деп жазады Egemen.kz.

Заң бұзған Қырғызстан азаматы елден шығарылды

Сот шетел азаматының рұқсат етілген мерзім өткеннен кейін Қазақстаннан кетуден жалтарғанын анықтады. Оның елде жүру мерзімі 2015 жылдың 9 қарашасында аяқталған.

Сондықтан сот оның ұзақ уақыт бойы заң бұзғанын және Қазақстанда жақын туыстарының болмауын ескере отырып, құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Сәйкесінше елден шығаруға жаза тағайындады.

Осыған байланысты Қырғыз республикасының азаматы Қазақстан аумағынан кетуге міндетті және бес жыл ішінде кері қайтуға құқығы жоқ.

Қаулы заңды күшіне енді.