29 Мамыр, 2014

Күрк-күрк жөтелетіндер күрт кеміп келеді

305 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Адам баласының бақытты болуының оннан тоғызы ден­сау­лығына байланысты екен. «Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру үшін оны ұйымдастыру, басқару мен қар­жыландыру жүйесі рефор­ма­ланды. Елдің барлық өңір­лерін­­де сапалы медициналық қыз­­меттер алу үшін қажетті жағ­дай жасалды», деген еді Елба­сы­мыз «Қазақстан-2050» Стратегиясында. Шынында, соңғы жылдары еліміздің медицинасы үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Әйтсе де, өз денсаулығына өте енжар қарайтын адамдар көп. Әсіресе, өзіміздің ағайындар. Жөтеліп, бір-екі күн төсек тартып жатып қалса, «шай ішіп, жақсылап терлесем, жазылып кетемін» деп арқаны кеңге салады. Сөйтіп, дертін ушық­­тырып алады. Қазіргі таң­да Жамбыл облысы бойынша тубер­­кулезге қарсы 800 төсек моностатус режімінде жұ­мыс іс­теп тұр. Денсаулық кепілі иммунитетке байланысты екенін есте сақтаған жөн. Адам қуатты болуы үшін дұрыс, құнарлы тағамдармен тамақтану керек, спортпен шұғылданып, таза ауада жеткілікті мөлшерде жүруі қажет. Облыста мектепке дейінгі балалар мекемелерінде 13 сана­­ториялық топ (325 орын) сауық­тыру бағытында жұмыс істеп жатыр. Мектеп жасындағы және жасөспірімдерді сауықтыру жұ­мыстары Т.Рысқұлов ауда­ны­ның, Каменка ауылындағы облыстық туберкулезге қарсы базасындағы 80 орындық шипажайда және Меркі ауданының Гранитогор ауылындағы 200 орындық мектеп-интернатында жүргізілуде. 2007 жылы облыста тек 5 ауданда ғана санаториялық топтар болса, 2013 жылдан бастап барлық аудандарда және Тараз қаласында осындай топтар ашылды. Туберкулезге қарсы жүргі­зі­ліп жатқан іс-шаралардың нә­тижесінде облыста туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы тұ­рақталып, аурушаңдық және тубер­кулезден өлім көрсеткіші айтарлықтай төмендеді. Мы­са­лы, 2012 жыл мен 2013 жыл­ды салыстырғанда, облыста аурушаңдық көрсеткіші 9,4 пайызға төмендеді және 100 мың тұрғынға шаққанда 70,6-ны құрады, 2012 жылы бұл көрсет­кіш 77,9 болатын. Ал, өлім көрсет­кіші 13,0 пайызға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 5,4-ке тұ­рақтады. Ал, 2012 жылы ауру­шаң­дық көрсеткіші 6,2-ні құраған болатын. Сондай-ақ, облыс бойынша балалардың туберкулезбен аурушаңдығы 45,6 пайызға төмен­дегенін көрсетіп отыр, 100 мың тұрғынға шаққанда 2012 жылы 10,7, ал, 2013 жылы 5,5, жасөс­пірімдер арасында 2012 жылы 81,4, ал, 2013 жылы 68,2-ні құрады. Яғни, бұл дерттің көрсеткіші 16,3 пайызға төмендеген деген сөз. Әйтсе де, облыста бұл салада әлі де шешімін күтіп тұрған мә­­­се­лелер баршылық. Соның бірі ре­тінде науқастарға тиімді әлеу­мет­тік қолдау көрсету, тубер­ку­лездің жұқпалы түрін таратпау,­ диспансер медицина қызмет­кер­лерінің жеке басының қауіп­сіз­дігін қамтамасыз ету мақса­тын­­да (арнайы дайындықтан өт­кен) күзет қызметін күшейту, фи­зи­атр-­ дәрігерлерінің, психолог ма­ман­­да­рының жетіспеушілігін шешуді айта кетуіміз қажет. Айман КАБДРАХИМОВА, Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері.