Қоғам • 10 Қараша, 2022

Қазақстанда азық-түлік тауарлары қымбаттады

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросының деректеріне қарағанда, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда азық-түлік тауарлары қымбаттады

Жылдық мәнде ӘМАТ бағасы 20,2%-ға қымбаттады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 6,4 пайыздық тармаққа жоғары.

Өткен аптада сәбіз - 0,7%-ға, қант - 0,2%-ға арзандады. Ал І санаттағы жұмыртқа - 1,6%-ға, пияз - 0,7%-ға, қырыққабат - 0,6%-ға қымбаттады.

Қазақстан бойынша ӘМАТ тізіміндегі кейбір тауарлардың орташа бағасы:

  • макарон - 294 тг/кг,
  • сиыр етінің кеуде бөлігі – 2279 тг/кг,
  • айран 2,5% - 349 тг/литр.

Айта кетсек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.