Бокс • 10 Қараша, 2022

Бокстан Азия чемпионаты: Санжар Тәшкенбай финалға шықты

1242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай 2022 жылы Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бокстан Азия чемпионаты: Санжар Тәшкенбай финалға шықты

Қазақстандық 19 жастағы боксшы 48 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда Үндістандық Говинд Кумар Саханимен кездесіп, бірауыздан жеңіске жетті. Осылайша, Тәшкенбай құрлық біріншілігінің финалына шығып, онда «алтынға» таласады.

Еске салайық, Санжар Тәшкенбайдың қазіргі кездегі басты жетістіктері – жастар арасындағы әлем чемпионатының және жастар арасындағы Азия чемпионатының алтын медальдары. Сондай-ақ ол өзбекстандық Асилбек Жалилов пен қырғыз Мирлан Түркбайұлын жеңген.