54 келі салмақта жартылай финалдық кездесуде Сабырхан өзбекстандық Шахзод Мұзафаровпен белдесіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық турнирдің финалына шығып, алтын медальға таласады.
Махмұд Сабырхан 2021 жылғы әлем чемпионатының финалисті, сондай-ақ жастар арасындағы Азия чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы. Оған украиналық боксшы Василий Ломаченкомен ұқсас стилі үшін «қазақ Ломаченкосы» деген лақап ат берілген.