29 Мамыр, 2014

Қара шаңырақтан қанат қаққан

277 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
DSC_00622002 жылдың 4 шілдесіндегі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің қаулысы бойынша университет жанынан колледж ашылды. Колледждің даму тарихында З.Исаева, К.Жаданова, Б.Каримова, Т.Молдаханов сияқты еліміздің көрнекті педагогтары тұрды. Білім ме­кемесінің негізгі міндеті еңбек на­рығында сұранысқа ие техни­­калық және кәсіби білімнің білікті ма­мандарын дайындау болып табылады. ҚазҰУ-дің көп деңгейлі білім жүйесінде колледж үлкен маңызға ие. Университеттің құры­лым­дық бөлімшесі бола отырып, кол­ледж осы оқу орнының білім және ғылыми-зерттеу үрдісте­рінің бел­сенді бөлігі болып табылады, соны­мен қатар, білім беру үшін жоға­ры мамандандырылған оқыту­шы-про­фессорлар құрамын тарту мүмкіндігіне ие. Білім мекемесі құқықтану, қаржы, электронды есептеу тех­никасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру, ақпараттық жүйелер, есеп және аудит, аударма ісі мамандықтары бойынша 9-шы және 11-ші сыныптардан соң мамандар дайындауды жүзеге асырады. Колледжді  бітірген соң мемле­кет­тік үлгідегі диплом беріледі, осы диплом негізінде бітірушілер ҚазҰУ-де ұқсас мамандықтар бойынша қысқартылған оқу мерзімімен білімін жалғастыра алады. Көптеген студент-бітірушілер банктерге, заң қызметтерінің фирмаларына, нотариалдық кеңселерге, IT-ком­панияларға қызметке орналасады. Бүгінгі күнде оқу ордасы заман талабына сай бір уақытта тео­рия­лық және тәжірибелік білім алуды негіздейтін қос жүйелі білім беруді енгізу үшін барлық күшін салуда. Еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандарды дайындаумен қам­тамасыз ете алады және қыз­мет­ке тұруға кепілдік ете отырып, әр­­бір бітірушіні нақты өндіріске ба­ғыт­тау үшін жағдай жасайды. Бүгінгі тәрбиелік үрдістің негізгі міндеті – білім алушыларды белсенді студенттік өмірге тарту. Сол үшін олардың зияткерлік қабілетін, ой-өрісін дамытуда, дене тәрбиесімен шұғылданулары үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, жағдайларын жасау ләзім. Колледждегі тәрбиенің тіні білім мен тәжірибені үлкен буыннан кішіге беру ғана емес, сонымен қатар оқытушылар мен білім алушылардың білім саласында және сабақтан тыс қызметінде олардың бірігіп қызмет етуі ретінде түсіндіріледі. Тәрбие үрдісін нәтижелі жүзеге асыру мен жетілдіру үшін колледж­де кураторлар кеңесі, студенттік мәслихат, ата-аналар комитеті жұ­мыс істейді, 10-нан аса түрлі үйірмелер мен спорттық секциялар бар. Бірыңғай білім және тәрбиелік кеңістікте білім алушылардың түрлі қабілеттерін ұштай түсу үшін қо­лайлы жағдайлар жасалған. Ашылған уақыттан бастап білім мекемесі көптеген айтарлықтай жетістіктерге жетті. Білім алушыларымыз жыл сайын «Студенттік көктем» сайысының, Алматы қаласы колледждері өткізетін студенттік ғылыми жобалардың, халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен олимпиадалардың жүлдегерлері қатарынан көрінуде. «Аударма ісі» мамандығы бойынша білім алушыларымыз тілдік тәжірибеден өту үшін Малайзия мемлекетіне жіберіледі. Бұл ағылшын тілін меңгертудің бір әдісі. Сондай-ақ, студенттеріміз әртүрлі құқық қорғау органдарында, қаржы мекемелері мен IT-кәсіпорындарында, мемлекеттік және жеке меншік құрылымдарда өндірістік тәжірибеден өтеді. Мамандарды дайындау сапасы туралы соңғы жылдардағы колледж бітірушілерінің кәсіби дайындық деңгейі және біліктілік емтиханын тапсыру қорытындылары бойынша сараптауға болады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің білім алушыларының тест бойынша өту балдары жоғары болып келеді. (Колледж бойынша орташа балл­100-ден 87,5). Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжі біліктілік емтиханы­­ның қорытындысы бойынша Алма­ты қаласы колледждері арасында бірінші орында тұр. Колледж Алматы қаласы кол­ледждері ассоциациясының тұ­рақ­ты мүшесі болып табылады. Ғы­лыми-әдістемелік сипаттағы кон­­ференциялар, семинарлар, бай­қау­­лар мен басқа да білім берудің инно­вациялық-коммуникациялық технологияларын енгізу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады. Алматы қаласы колледж­дерінің оқытушылары және сту­денттері арасындағы түрлі сипат­тағы  спартакиадаларға, пәндік олим­пиадаларға, техникалық шығар­машылықтағы көрмелерге, көркем-өнерпаздық байқауларға  қатысады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжі жұмыс істеген уақыты бары­сында өзін кәсіптік білім беру­дің бәсекелесуге қабілетті орта­лы­ғы ретінде ұсынды. 2013 жылы жел­тоқсан айында колледж мем­лекеттік аттестаттаудан ойдағыдай өтті. Колледж университеттің дамуы үшін барлық күшін салады және өзінің үлесін қосады. Әл-Фа­­­ра­би атындағы Қазақ ұлттық уни­вер­ситетінің бірыңғай білім құры­лымында, әсіресе, 80 жылдық мерейтойда колледждің маңызы мен рөлінің мойындалуы білім бөлімшесінің әрі қарай дамуы мен оқытушыларының, студенттері­нің шығармашылық ойларын жүзе­ге асыру үшін берік тірек болып ­табылады. Райхан НҰРҚАНОВА, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің директоры.