Қаржы • 11 Қараша, 2022

Мөлшерлеме төмендейді

169 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Ұлттық банкі мен Visa, Mastercard және UnionPay төлем карталарының халықаралық жүйелері төлем карталарын (интерчейндж мөлшерлемелерін) пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша банк аралық ішкі ұлттық комиссия мөлшерлемелерінің шекті мөлшерін төмендету бойынша бірлескен шаралар қабылдау мәселелері жөніндегі келісімге қол қойды.

Мөлшерлеме төмендейді

Түсіндіре кетейік, интерчейндж дегеніміз – сауда-сервистік кәсіпорындарға қызмет көрсететін эквайер-банктер қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау кезін­де төлем картасының эми­тент-банкке төленетін эк­вай­рингтік комиссияның бір бө­­лігі. Келісімнің талаптарына сәйкес, Қазақстанда жұмыс істейтін төлем карталарының халықаралық жүйелері интерчейндж мөлшерлемелерін бірден 2 есе төмендетуге мін­деттеледі.

«Шекті мөлшерлемелер төмендеген кезде кезең-ке­зеңімен төмендету тәсілі қол­данылады. Бірінші кезең 2024 жылы 1 қаңтарда, ал екінші кезең 2025 жылы 1 қаңтарда басталады: жаппай сегментте (Classic, Gold және басқалары) бірінші кезеңде шекті мөлшерлемелер қазіргі мөлшерлемеден (1,80%-2,0%-дан) 1,50%-ға дейін, екінші кезеңде 1,0%-ға дейін төмендейді; премиум сегментте (Platinum, World және басқалары) бірінші кезеңде қазіргі мөлшерлемелерден (шамамен 2,40%-дан) 1,80%-ға дейін, екінші кезеңде 1,20%-ға дейін төмендету көзделеді; супер премиум сегментте (Infinite, World elite, Diamond және басқалары) бірінші ке­зеңде мөлшерлемелер қа­зір­гі мөлшерлемеден (шамамен 2,45%-дан) 2,0%-ға дейін, екін­ші кезеңде 1,40%-ға дейін тө­мендейді», делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Қолма-қол ақшасыз кар­та­лық төлемдер бойын­ша банкаралық комиссия­лар­дың төмендеуі төлем ин­дус­триясының одан әрі дамуы­на оң ықпал етеді және банк комиссияларын төлеуге бизнес субъектілерінің шығындарын қысқартады. Бұл тәсіл қолма-қол ақшасыз төлемдерді одан әрі дамытып, «көлеңкелі экономиканың» азаюына оң әсерін тигізеді.