Спорт • 11 Қараша, 2022

Қоржында бес жүлде бар

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Әзербайжанның бас ша­һа­ры – Бакуде парадзюдодан әлем чем­пионаты өтіп жатыр. Дүбірлі додада 41 мем­лекеттен келген 270 балуан бақ сынауда.

Қоржында  бес жүлде бар

 

 

Аталған жарыста Қазақстан құрама командасы өте жақсы өнер көрсетуде. Алғашқы күні аса жеңіл салмақта белдескен Ақмарал Науатбек (J-2) өз жанкүйерлерін қуантты. Барлық қарсыластарын сыпыра ұтқан ол ақтық сында Паралимпия ойындарының екі дүркін жүлдегері, көптеген аса ірі халықаралық жарыстың жеңімпазы франциялық Аурериес Мартинет Сандринді сан соқтырды. Осы­лайша, Ақмаралдың есімі спорттың осы түрі бойынша әйелдер арасында әлем чемпионы атанған Қазақстанның тұңғыш балуаны ретінде тарихта қалды. Командалық әріптесінің жеңісті жолын Ерғали Шәмей (J1) жалғастырды. 73 кило салмақ дәрежесінде күш сынасқан қандасымыз финалда германиялық Сасс Ленарттың аяғын көктен келтіріп, бас жүлдені қанжығасына байлады.

Сондай-ақ командамыздың қоржынында тағы үш қола медаль бар. Оның иегерлері – Даяна Фе­досова (J2 – 57 кило), Олжас Оразалы­ұлы (J2 – 73 кг) және Жанбота Аманжол (J2 -90 кило). Ба­кудегі бәсекелер бүгін өз мәресіне жетеді.